21 қазан 2015 | 14:40

Тараздық футболшы алаяқтық жолмен 40 адамды алдап соққаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

Тараздық футболшы Әнуар Анарметов автомобильдер сатуда алаяқтық жасағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның мүлкі де тәркіленген. Тараздың №2 сотының үкіміне сәйкес, ол мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтейді.


Иконка комментария блок соц сети

Тараздық футболшы Әнуар Анарметов автомобильдер сатуда алаяқтық жасағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның мүлкі де тәркіленген. Тараздың №2 сотының үкіміне сәйкес, ол мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Айта кетейік, Анарметовтың футболдағы мансап жолы жетістіктерге толы емес. Vesti.kz порталының мәліметінше, ол 1983 жылы туған, "Лашын" командасында 2012 жылға дейін шабуылдаушы болып ойнаған. Футболшының қылмыстық істің фигуранты болғаны жайлы алматылық Темірлан Әкеновтен белгілі болды. 2014 жылдың қарашасында ол 2012 жылғы қара түсті Toyota Camry автомобилін Интернеттегі жарнама арқылы сатып алыпты. Оның айтуынша, көліктің құнын толықтай төлепті. Алайда жаңа қожайын көлігін бір ғана ай жүргізе алыпты. Сол жылдың желтоқсанында көлікті Тараздың полицейлері айыптұраққа қойған. Полицейлер автомобильдің алаяқтық бойынша қылмыстық іске байланысты қамауда тұрғанын хабарлаған. Сөйтсе, көлік бірнеше адамға сатылыпты. Темір тұлпардың соңғы қожайыны астаналық Асхат Тасболатов екен.  

"Астана тұрғынының (Тасболатов - Авт.) Анарметовтың үстінен алдады деп арызданғанын естідім (...). менің көлігімді тәркілеп, айыптұраққа қойды", - дейді Әкенов. - Бірінші қожайынның өзінің барлық жеті автомобилін футболшы Әнуар Анарметовке сатуға беріпті. Іс материалдарына қарағанда, Анарметов Астана тұрғынын алдаған, ол болса өз кезегінде құқық қорғау органдарына хабар беріп, алданғандардың санының 40-қа жеткенін мәлімдеген. Олардың бәрі соттасып жатыр. Жеке өз басым айыпты емеспін, сатушымын", - деді Әкенов.   

Оның айтуынша, көлікті қайтарып алуға деген талпынысы нәтиже бермеген, себебі Таразда бірінші инстанциядағы сотта ол ұтылыпты. Облыстық сот та үкімді қанағаттандырмапты. Ендігіде жәбірленуші Жоғарғы сотқа жүгінбек. "Олардың келісіміне байланысым жоқ әрі үшінші тұлға ретінде мен неге өз көлігімнен айырылуым керек, ақшамнан айырылып, жүйкемді тоздыруым керек? Азаматтың қателігі маған зиянын келтіріп жатыр, себебі мен адвокатқа да, Алматыдан Таразға баратын жолға да өз қалтамнан қаражат шығындап жүрмін", - дейді ол.

Осы тұрғыда Асхат Тасболатов та пікір білдірді. "Анарметовпен ол менің көлігімді сатып береді деген келісімшартымыз болды. Оған өз автомобильдерімді бердім, бірақ ол жоғалып кетті (...). Ақшамды қайтармады, сондықтан полицияға хабар бердім. Анарметов 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ол алаяқ деп танылды. Сонда ол сатып алғандардың да көліктерін сатқан болып шығып отыр, тіпті білмеймін (...). Анарметов солардың ішінде және оларға құжатты қолдан жасаған. Ал қазір азаматтық шағым бойынша шығын өтеуге сот жалғасып жатыр, мен өзіме келген шығынды толық қайтарып алған жоқпын", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети