Тараздық оқушы Лондондағы байқауда алтын медаль жеңіп алды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздық оқушы Лондондағы байқауда алтын медаль жеңіп алды Отбасының жеке мұрағатынан алынған сурет

Лондонда өткен ағылшын тілі олимпиадасында тараздық оқушы Ихсан Ілесов алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек, қазақстандық жасөспірімдердің еншісінде 1 күміс, 1 қола медаль бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондонда өткен ағылшын тілі олимпиадасында тараздық оқушы Ихсан Ілесов алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек, қазақстандық жасөспірімдердің еншісінде 1 күміс, 1 қола медаль бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төрт ұлым бар, Ихсан үшіншісі. Екінші балам мен үшінші баламның жас айырмашылығы 10 жас. Ихсанның ағылшын тілін жетік білуіне Сарыкемер ауылында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін үлкен ұлымның еңбегі зор. Ал екінші балам Қызылорда қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінде жұмыс істейді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша оқуын аяқтайды", - дейді жетінші сынып оқушысының анасы Ләззат Ілесова. 

Ихсан Ілесов Тараздағы жекеменшік мектептердің бірінде оқиды. Айтуынша, тіл олимпиадасы ол үшін үлкен сынақ болыпты. Әр кезең сайын берілген тапсырмалардың деңгейі қиындай берген екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АЛГА ПЕТЕРБУРГ (@alga.peterburg)

Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы тамыз айының басында басталып, 5 күнге созылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети