29 қаңтар 2017 18:00

Тараздық студенттер Универсиада құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері 28-ші Халықаралық қысқы Универсиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында мерекелік концерт ұйымдастырды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің басшысы Жандар Асанға сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысындағы алау эстафетасы қарсаңында өткен шараға аталған оқу орнының 2500-ге жуық студенті қатысты. Олардың қатарында оқуда, спортта және өнерде үздік нәтижелерге жеткен білімгерлер бар. Жастар осылайша Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан Халықаралық қысқы студенттер ойындарына қатысушыларға құрмет көрсетті.

Ал, бүгін Алматы қаласына Жамбыл облысы атынан Универсиада алауын ТарМПИ-дың студенті, қазақ күресінен Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Пахрединов жеткізді. Оны кеше жас спортшыға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев табыстаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети