Тәрбиелейміз деп соққыға жыққан: 6 оқушы жасөспірімнің өлімі үшін жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәрбиелейміз деп соққыға жыққан: 6 оқушы жасөспірімнің өлімі үшін жауап береді Нұржан Сыдық. Марқұм мектеп оқушысының туыстарынан

Ақтөбе облысының прокуратурасы өңірдің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Темір ауданының Қопа ауылындағы мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру дерегі бойынша қылмыстық істі жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының прокуратурасы өңірдің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Темір ауданының Қопа ауылындағы мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру дерегі бойынша қылмыстық істі жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл істі облыстық Полиция департаменті тергеген. Тергеу барысында 2024 жылы 2 қыркүйекте Темір ауданының Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын "тәрбиелік мақсатта" ұрып-соққаны анықталған.

"Салдарынан кәмелетке толмаған Н.Сыдық ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды. Тергеу барысында 6 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Олардың біреуі ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа берілді, ал қалған бесеуі ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны (Қылмысты ұйымдастыру, ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылып жатыр", - деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, былтыр 2 қыркүйекте Темір ауданының Қопа ауылында кәмелетке толмағандар арасында жанжал шығып, салдарынан тоғызыншы сынып оқушысы Нұржан Сыдық қаза тапты.

Бұл істі тергеуді Бас прокурор Берік Асылов жеке бақылауына алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети