Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбеге ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға тарихи сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
"Қазақстан Сіздің еліңізбен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі. Бұған дейінгі бейресми әңгімелесу барысында біз Қазақстан мен Того арасында ықпалдастық орнату үшін өзара мүддені көздейтін қолда бар мүмкіндіктерді талқыладық. Әрине, елдеріміз әртүрлі құрлықта, әртүрлі аймақта орналасқан. Бірақ бізге қазіргідей халықаралық күрделі жағдайда күш біріктіру керек. Осы орайда Қазақстан мен Того, сондай-ақ басқа да мемлекеттер халықаралық қатынастарды қалыпқа келтіру үшін бір болуы қажет", – деді Президент.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Того күш жұмылдыра отырып, алдағы уақытта атқара алатын негізгі салаларды айқындады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екіжақты және халықаралық күн тәртібін ілгерілету үшін тұрақты диалог орнату қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!