Парламент Cенатының жаңа спикері Дариға Назарбаева барлық білімі мен қабілетін алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсайтынын айтып сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Cенатының жаңа спикері Дариға Назарбаева барлық білімі мен қабілетін алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсайтынын айтып сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті әріптестер, қымбатты қазақстандықтар. Сіздер маған сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен қазіргі тарихи сын сәттегі еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі парламенттің рөлі мен маңызын терең түсінемін", - деді Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланғаннан кейін.
Елбасымыз қоғамды жаңғырту, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау мен қорғауды күшейту бойынша маңызды тапсырмалар берді. Елді дамыту стратегиясымен қойылған мақсаттарын заңнамалық қамтамасыз ету бірінші кезекте адамдардың өмірін жақсартуға, Қазақстан мемлекетін нығайтып көркейтуге бағытталған. Сізге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін тағы да алғысымды білдіріп, өзімнің барлық білімім, қабілетімді алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсаймын деп сендіремін", - деді ол.
Дариға Назарбаева Парламент Cенатының спикері болып тағайындалды. Ол бұл қызметке Сенат депутаттары арасында құпия дауыс беру нәтижесінде тағайындалды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын мақұлдады.
"Біз Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны Парламент Сенатының төрайымы қызметіне сайлау туралы ұсынысты ерекше қабылдадық, себебі біз бірінші жыл бірге жұмыс істеп жүрген жоқпыз, жұмыс топтарында да, комитет отырыстарында да, кулуарларда да қызмет етіп жүрміз", - деді сенатор Бірғаным Әйтімова.
Назарбаева осыған дейін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметінде болған еді.
Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. омоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған.
Мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған, кейін Сенат төрайымы болып тағайындалды.