Тарихшы: Наурыз мерекесі - бірліктің символы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Биыл Қазақстан Президентінің бастамасымен мереке Наурызнамның жаңа форматында өтіп жатыр. Бұл - ұлттық мәдениеттің байлығын, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен басты рухани құндылықтарын бейнелейтін он күндік іс-шаралар бағдарламасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл Қазақстан Президентінің бастамасымен мереке Наурызнамның жаңа форматында өтіп жатыр. Бұл - ұлттық мәдениеттің байлығын, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен басты рухани құндылықтарын бейнелейтін он күндік іс-шаралар бағдарламасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыз мейрамының тарихы

Наурыз - жай ғана көктем мерекесі емес, адамның табиғатпен бірге жаңғыруының, жаңаруының және үйлесімділігінің символы. Оның тамыры тереңде жатыр және 5 мың жылдан аса уақыт бойы тойланып келеді. Қазақ мәдениетінде бұл күн Ұлыстың ұлы күні деп аталады, ал 2010 жылдан бастап БҰҰ оны Халықаралық Наурыз күні ретінде ресми жариялады.

Алматы әкімдігі

Тарихшылар пікірі

"Наурыз әрқашан адамдарды біріктіретін, тату көршілік пен бақ-береке дәстүрін нығайта түсетін мереке болды және солай қала береді", - деді тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық университетінің доценті Сәуле Үдербаева ӨКҚ конференциясында.

Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Еділ Нояновтың айтуынша, тарихи тұрғыдан Наурыз мейрамы көшпелі халықтардың табиғи циклдарымен және өмір салтымен тығыз байланысты болған, алайда урбанизацияның басталуымен көптеген ежелгі рәсімдер жоғалған.

"Біздің ата-бабаларымыз күн батысымен қыс өтіп барады, ал күн шыққаннан кейін жаңару басталады деп ойлаған. Сол сәтте жастар алау алдына жиналып, ойнап, ән салып, таңертең күннің алғашқы сәулелерін қарсы алды, өйткені жылуды бірінші болып сезінген адам жыл бойы сәттілік тартады деп ойлады", - деді сарапшы.

Наурыз мейрамының басты символдарының бірі - байлық пен берекені білдіретін жеті ингредиенттен жасалған наурыз көже.

"Наурыз - адамдар ескі реніштерін кешіріп, мұқтаж жандарға көмектесетін бірліктің символы", - деп қорытындылады Сәуле Үдербаева.

Айта кетейік, Наурыз - ең көп демалысы бар айлардың бірі. 2025 жылы наурызда да қазақстандықтар бірнеше күн демалады.

Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.

Айта кетейік, наурызда қазақстандықтар жалпы 14 күн демалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro