03 ақпан 2022 | 14:23

Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрық бойынша мемлекеттік мүлікті жалға беру қағидаларына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрық бойынша мемлекеттік мүлікті жалға беру қағидаларына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзгерістерге сәйкес, жылжымайтын мүлікті (мемлекеттік мүлікті) жалдау ақысы 2022 жылғы 5 қаңтар мен 30 маусым аралығында жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға есептелмейді.

Енгізілген өзгеріске сәйкес, жылжымайтын мүлік нысанын жалдау ақысынан босату негізгі шартқа қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылады.

Реклама
Реклама

Бұйрық 2022 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар, 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға байланысты қолданылады.

Бұған дейін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі өкілі Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер не істеуі керек екенін айтқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная