1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер қалай көмек ала алады? кеше, 20:09

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі өкілі Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер не істеуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Сурет: Әлихан Сараев Сурет: Әлихан Сараев

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі өкілі Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер не істеуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендерге бірқатар ұсыныс айтты. 1432 секілді call-орталық номерлері мен "Атамекен" департаментінен бөлек, Кәсіпкерлер палатасы да шығынға ұшыраған тұлғалардан ақпарат жинап жатыр. Кәсіпкерлер палатасы директоры Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, оған 300-ден аса өтініш келген.

Кәсіпкерлер палатасы өкілі бірқатар кеңес айтты:

  • Қылмыс деректерін тазаламау, бүлінген заттар мен қираған мүліктерді жинамау. Бұл саусақ ізін анықтауда маңызды саналады. Нысанды тексерген соң құқық қорғау органдары оларды жертөлеге орналастыруға кеңес береді.
  • Ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларын флеш карталарға, басқа да құралдарға жазып алу, бейнебақылау жазбаларын өшірмеу қажет.
  • Ұрланған және бүлінген заттар тізімін жасау керек. Құқық қорғау органдарына сотқа дейінгі тексеріс жасау үшін арыз жазу қажет.
  • Әрбір бүлінген немесе ұрланған тауар, затты дәлелдейтін құжаттар дайындау керек.

Алматыда кәсіпкерлер келтірілген шығын бойынша +7 727 331 01 33; +7 701 242 29 47 Әскербек Насамбаевқа немесе 1432 бірыңғай call-орталыққа хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram