Tartyl Fest гранд-финалы қашан өтетіні белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: inform.kz Фото: inform.kz

Турникке тартылу бойынша өтетін жарыс Tartyl Fest-тің гранд-финалы 18 ақпанда Астанада өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазинформ" сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Турникке тартылу бойынша өтетін жарыс Tartyl Fest-тің гранд-финалы 18 ақпанда Астанада өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазинформ" сайтына сілтеме жасап.

Турнир Президент жанындағы DARA таланттарды қолдау қорының бастамасымен өтеді.

Жоба идеясының авторы - белгілі қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаев, жобаның бренд-елшісі - street workout бойынша рекордсмен Айтым Жақыпов.

Гранд-финалға өңірлік іріктеу жарыстарында үздік нәтижелерге қол жеткізген 170 спортшы қатысады. Қатысушылардың жасы - 14 жастан 51 жасқа дейін.

Еске салайық, 2022 жылы тартылу бойынша жарыс Қазақстанның 20 қаласында өтті, қатысушылар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша жарысты. Тартылу саны бойынша рекордты (50 рет) Тараздан келген 33 жастағы Евгений Нам жасады.

Tartyl Fest-ке барлығы 7 мыңнан астам қазақстандық қатысты. 2022 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан астанасында Қазақстанның барлық өңірінен Tartyl Fest жеңімпаздары анықталды.

"Бұл DARA Қоры ұйымдастырған алғашқы жоба шын мәнінде халық жобасына айналды және Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту саласында қойған міндеттерін іске асырудың табысты үлгісі болды. Біз отандастарымыздың көбі түрлі әлеуметтік лифттерді пайдалана отырып, өз таланттарын жүзеге асыра алатындай басқа да салаларда осындай алаңдар құруға ниеттіміз", - деп атап өтті Нұрлан Қоянбаев.

Гранд-финал 2023 жылдың 18 ақпанында EXPO алаңындағы Конгресс орталығында сағат 12.00-де басталады. Жарыс Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dara Qory (@daraqory)

Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры - 54 миллион теңге. Бірінші орын үшін жеңімпаз 3 миллион теңге алады, екінші орын үшін жүлделер 2 миллион теңгені, үшінші орын үшін 1 миллион теңге беріледі.

Сонымен қатар, гранд-финал чемпиондары Street workout бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның атынан шыға алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro