03 ақпан 2014 | 13:16

Тас жолдағы ауа-райы бақылауға алынбақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР ТЖМ © Фото ҚР ТЖМ ©

Бүгінде көлік және коммуникациялар министрлігіне қарасты көлік қатынасын бақылау орталығы жылжымалы және тұрақты тексеру бекеттерін, сондай-ақ техникалық байқау орталықтарының жұмысын қадағалап отырады. Енді, аталған орталық мамандары тас жолдағы ауа-райын да бақылайтын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі кезде аталған орталық барлығы 8 жүйені бақылап тұрады. Оның негізгісі - көлік құралдарын өлшеудің автоматандырылған жүйесі. Соның арқасында автокөліктерді тоқтатпай-ақ таразылауға мүмкіндік бар. Барлық деректер министрлік ішіндегі орталыққа келіп түседі. Егер көліктің артық салмағы анықталса, айыппұл автоматты түрде есептеліп, тиісті мекен-жай бойынша иесіне жіберіледі. Жақын арада осы жүйе арқылы рұқсатсыз жүрген шетелдік жүк тасымалдаушыларды анықтап, техникалық байқаудың бар-жоғы тексерілмек. "Аталған жүйелерді енгізгеннен кейін республика бойынша 11 тұрақты бекет жабылып, тағы 5-еуі жақын арада консервацияланады", - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде. Тұрақты бекеттермен қатар жол полициясының жылжымалы бекеттері де бақылауға алынған. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі, инспекторлардың құжаттарды тексеру жұмысы және тағы басқа шараларды орталық мамандары тікелей байланыс арқылы бақылайды. Ал GPS-тың арқасында олар жылжымалы бекеттердің тұрған орны мен қозғалы бағытын көріп отырады. Бүгінде GPS навигация жүйесі қалааралық автобустарға да орнатылған. Әзірше, ол жұмыс қанатқақты жоба ретінде 25 автобусты қамтиды. Ағымдағы жылы оны толығымен іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ Астана - Қостанай тас жолында метеорологиялық ахуал бойынша деректерді жинап талдау жүйесі де қанатқақты жоба болып қолға алынды. Оған сәйкес, жолда орнатылған арнайы сенсорлар мен датчиктер ауа температурасы, ылғалдылық, желдің жылдамдығы, жолдың жай-күйі және тағы басқаны анықтайды. Биыл осы іспетті метеодатчиктерді бірқатар республикалық тас жолдарда орнату қарастырылған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети