Ташкентте өткен халықаралық фестивалден БҚО бишілері жүлдемен оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ташкентте өткен халықаралық фестивалден БҚО бишілері жүлдемен оралды

Өзбекстан астанасы Ташкент шаһарында "Танцуй всей душой" атты халықаралық бишілер фестивалі өтті. Оған Қырғызстан, Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдерінен келген 132 би ұжымы қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан астанасы Ташкент шаһарында "Танцуй всей душой" атты халықаралық бишілер фестивалі өтті. Оған Қырғызстан, Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдерінен келген 132 би ұжымы қатысты.

Төрт елдің мың бұралған бишілерінің бәсекесінде ел намысын Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылының "Нұр-ай" би ансамблі қорғады. Бишілерді аталған сайысқа дайындап алып барған хореограф Гүлмира Алканованың айтуынша, фестиваль жоғары деңгейде өткен.

109-шы және 121-ші болып сахнаға шыққан бәйтеректік бишілер көпшілікке екі би ұсынған. Оның біріншісі "Жайық еркелері" деп аталатын қазақ биі болса, екіншісі – "Hello" атты жаңа заман биі.

Әділқазылардың максималды ұпайына ие болған "Нұр-ай" би ансамблі "Танцуй всей душой" фестивалінің гран-приіне ие болды.

- Өзбек елінің үздік бишілері мен "Danger Elektro" би мектебінің жетекшісі, "Танцы на ТНТ" би сайысының жартылай финалисі Дмитрий Ваганов біз орындаған "Жайық еркелері" биіне жоғары баға берді. Өзге елде ұлттық биіңе жоғары баға бергені ерекше серпін сыйлайды. Алдағы уақытта да сүйікті ісімізді жалғастырып, ауылымызды, елімізді таныта бергіміз келеді, - дейді хореограф Гүлмира Алканова.

Tengrinews
Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети