Тасжолға қонған әскери ұшақтар: Қорғаныс министрлігі мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасжолға қонған әскери ұшақтар: Қорғаныс министрлігі мән-жайды айтты

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақтардың қонуы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақтардың қонуы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл "Алтын Жебе" арнайы операция күші компоненттерін кешенді тексеру жұмыстары екені хабарланды.

Фото: Қорғаныс Министрлігі

"Тексеруге Құрлық әскері, Әуе қорғаныс күші және Әскери-теңіз күші бөлімшелері қатысты. Тексерудің соңғы кезеңінде Қарулы Күштер тарихында алғаш рет С-295 әскери ұшағы мен Су-27 жойғыш ұшағы Маңғыстау облысындағы тасжолдың әуеайлақ учаскесіне қонды", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.

Фото: Қорғаныс Министрлігі

Шара Құрлық және Әскери-теңіз күштерін қолдауға тартылған Әскери-әуе күші бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру шеңберінде өтті.

Фото: Қорғаныс Министрлігі

Айта кетейік, Маңғыстау облысында Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақ қонғаны хабарланған еді. Куәгерлер ұшақтың қонған сәтін видеоға түсіріп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети