ҚР Қорғаныс министрлігінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 9 маусым күні Қазақстанда Ақтөбе қаласында болған террористік актінің салдарынан құрбан болғандарға арнап ұлттық қаралы күн болып жарияланды. "ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестіктен қаза болғандар үшін ұлттық қаралы күн жариялады. Бүгін таңсәріден ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында көк ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні бейбіт адамдардың, Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен қаза болған қызметкерлердің құрметіне бір минут үнсіз тұрумен басталды", - делінген хабарламада.
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болғандардың отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтылған жеделхат жолдады.
Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр. Кеше, 8 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі.