19 ақпан 2014 | 15:48

Тасмағамбетов әлеуметтік желілерге деген көзқарасы мен өзінің жұмыс кестесі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің жұмыс кестесі мен әлеуметтік желілерге деген көзқарасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Менің жұмыс күнім мөлшерленбеген, мен мұны өзімді еңбекқор етіп көрсету үшін айтып отырған жоқпын, бірақ шешілмеген мәселелер өте көп, ол міндеттердің барлығын орындауға тиіспіз. Мұны сол үшін айтып отырмын. Іс жүзінде мен тәулігіне 12-14 сағат демалыссыз жұмыс істеймін",- деді Тасмағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде, әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашқыңыз келмей ме деген сұраққа жауап беру кезінде. "Мен арнайы тіркелмеймін, өйткені, әлеуметтік желілерге тіркелу өзіңнің немен айналысып отырғандығың туралы пайдаланушыларға белсенді түрде ақпарат беруді талап етеді. Егер әлеуметтік желіде өзіңнің жеке бетіңді ашатын болсаң, онда әрдайым жазып отыруға тиіссің: қазір не істеп отырсың, қайда бардың, кіммен кездестің, тіпті қайда демалғаныңды, қандай ас ішетініңді жазуға сәл-ақ қаласың (...). Бірақ менің оған уақытым жоқ",- деді ол. Сонымен бірге әкім өзін интернеттің белсенді пайдаланушысымын деп есептейді. "Іс жүзінде мен таңғы 8-ден бастап интернет-сайттарды қараймын, әрине бәрін бірдей емес, себебі олар тым көп, бірақ халықаралық, қазақстандық жаңалықтары бар сайттарға көз жүгіртемін және оларды күніне бірнеше рет қарап шығамын",- деді ол. "Мен блогерлермен кездесуге және олардың сұрақтарына жауап беруге дайынмын",- деді Тасмағамбетов, блогерлердің үлкен іс жасап отырғаны туралы лебізін білдіріп.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети