Тасмағамбетов Ақтаудағы ТЖ-ға байланысты командирлерді дұрыс шешім қабылдауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасмағамбетов Ақтаудағы ТЖ-ға байланысты командирлерді дұрыс шешім қабылдауға шақырды © ҚР Қорғаныс министрлігі

Ақтаудағы төтенше жағдай орнына келген Иманғали Тасмағамбетов арнайы жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Кездесу барысында ол төрт әскеридің өліміне байланысты әскери прокуратура қылмыстық іс қозғағанын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы төтенше жағдай орнына келген Иманғали Тасмағамбетов арнайы жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Кездесу барысында ол төрт әскеридің өліміне байланысты әскери прокуратура қылмыстық іс қозғағанын айтты.

Тасмағамбетов мұндай оқу-жаттығулардың бұрынғыша өткізіле беретінін, сондықтан да әскерилердің жауынгерлік жағдайға дайын болу керектігін айтты. Дегенмен, қорғаныс министрінің айтуынша, әр командир әскерилердің өмірін сақтай отырып, алдына қойған тапсырмасын орындайтындай болу керек. Тасмағамбетов залда отырғандарды дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Сонымен қатар, жиында министрге тергеу нәтижесінің алдын ала нұсқасы ұсынылды. Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы оқиғаның десантты-түсіру құралдары жоқ кезде теңіз десантын түсіру практикалық эпизодын орындау барысында дұрыс шешім қабылдамау салдарынан болғандығын айтты. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі арнайы комиссияға қызметтік тексеру жүргізуді тапсырып, әскери қызметшілердің өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтауды тапсырды.

Еске салайық, осыған дейін Ақтауда төрт әскери қызметшінің, алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде суға кеткені белгілі болды. Кейін қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. Олар 19 жастағы Бауыржан Жолдабай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған.


Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети