Тасмағамбетов Ақтөбедегі терактіден қаза болғандардың отбасына көңіл айтылған жеделхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасмағамбетов Ақтөбедегі терактіден қаза болғандардың отбасына көңіл айтылған жеделхат жолдады © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 9 маусым күні Қазақстанда Ақтөбе қаласында болған террористік актінің салдарынан құрбан болғандарға арнап ұлттық қаралы күн болып жарияланды. "ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестіктен қаза болғандар үшін ұлттық қаралы күн жариялады. Бүгін таңсәріден ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында көк ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні бейбіт адамдардың, Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен қаза болған қызметкерлердің құрметіне бір минут үнсіз тұрумен басталды", - делінген хабарламада.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болғандардың отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтылған жеделхат жолдады.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр. Кеше, 8 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети