Тасмағамбетов EXPO-2017 қарсаңында бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасмағамбетов EXPO-2017 қарсаңында бірқатар тапсырма берді

ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында мәдени бағдарламаны сапалы дайындау және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің орынбасарының хатшылығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында мәдени бағдарламаны сапалы дайындау және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің орынбасарының хатшылығына сілтеме жасап.

Осыдан бұрын берілген тапсырмаған сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ бірлесіп көрме өтетін кезеңдегі мәдени бағдарламаны жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлесімді жұмысты күшейтті. Сонымен қатар, делегаттар мен қонақтардың келуі бойынша ұйымдастырушылық сұрақтар жіті бақылауға алынды.

Осыған орай, кеңес барысында вице-премьер Астана қаласының әкімдігі елорданың инженерлік-көліктік инфрақұрылымын егжей-тегжейлі зерделеу қажет екеніне тоқталды. Оның ішінде жолдағы жүктемені азайту мақсатында көлік ағымын модельдеу бойынша қолайлы нұсқаларды есептеу, қонақтардың келуі және олардың қауіпсіз орналасуы бойынша ұйымдастырушылық сұрақтарды пысықтау, қонақ үй және басқа да міндеттерге жұмылуы үшін өтетін шараларды барынша қысқартуға басымдық берді. Сондай-ақ, Қазақстанның мәдениет пен спорттағы жетістіктерін таныту мақсатында шетелдік жобаларды азайту және ұлттық брендті насихаттау қажеттігі айтылды.

"Ең маңыздысы, біз міндетті түрде тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобына тегін билет тарату мәселесін пысықтауымыз қажет. Олар осынау ауқымды шараға дайындалған көлемді әрі қызықты репертуарды тікелей өздері тамашалап, көру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Міне, осы сұрақты ерекше бақылауға алуымыз шарт. Әсіресе, бұл қаланың және мәдениет министрлігінің аясында өтетін шараларда ескерілуі керек", - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Бүгінгі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласы әкімдігімен және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамымен бірлесіп мәдени-танымдық және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасын бекітті. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі өнерін көрсету, театрлық-бұқаралық шаралар, халықаралық жобалар, көрмелер, спорттық және ағартушылық-тақырыптық шаралар.

Сонымен қатар, осы бағыттағы барлық құрылымдарды тиянақты үйлестіру үшін штаб құрылды. Ол Астана қаласы әкімдігінің конвешн бюросы және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамы штабымен тығыз байланыста болады.

Айта кетейік, "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында демеушілік қаражат есебінен Ла Скала театрының гастролін, "Қытай императоры Цинь Ши Хуандидің терракоттан жасалған әскері мәдени ескерткішінің" көрмесін, Мариндік театрының гастролін, "Пласидо Доминго опералиясы" Халықаралық жас вокалистер байқауының финалын өткізу, сондай-ақ, Ежелгі Египеттің археологиялық жәдігерлері көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети