ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"5 маусым күні ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының өкімімен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығын басқарған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағановты таныстырды", - делінген хабарламада.
"Еліміздің басшылығы жүргізіп жатқан сарабдал саясаттың арқасында болашақта аталған бағыт бойынша Шығыстан әлеуетті қауіп-қатер төніп тұрған жоқ. Десе де, Жоғарғы Бас Қолбасшы айтқандай, кез келген нәрсеге сақадай сай дайын болу керек. Басқа сөзбен айтқанда, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлері кез келген қойылған тапсырмаларды орындауға жауынгерлік әзір болуы тиіс", - деді ведомство басшысы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Қашағановты таныстыру барысында. Сондай-ақ ол атқарған қызметі мен жауынгерлік әзірлікті арттыруға қосқан үлесі үшін бұрынғы қолбасшы генерал-майор Мұрат Бектановқа алғысын білдірді.
Дәл осы күні Қорғаныс министрі ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысымен тағайындалған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайыновты таныстырды.
"Алдарыңызда тұрған міндеттер мен жауапкершілік аймағының ауқымдылығын ескере отырып, әскерлердің оңтүстік топтамасы саны жағынан ең көп әскерлердің бірі болып табылады. Сонымен бірге, әскерлердің тексерісі мен ағымдағы жағдайдың талдауы бірқатар жүйелі кемшіліктердің бар екенін көрсетеді. Бұл кемшің тұстарды өзінің штабымен бірге жаңадан тағайындалған қолбасшыға шешу қажет болады", - деді қорғаныс министрі және қолбасшылық алдында тұрған нақты тапсырмаларды белгіледі.
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ ведомство басшысы мынаны атап өтті. Бұл жұмыстың нәтижесі оқу-жаттығу түрінде ұйымдастырылған күз мезгіліндегі кенеттен тексеру жүргізу барысында байқалатын болады.
Бұдан бұрын басқа әскери лауазымға ауысуларына байланысты Мемлекет басшысының өкімдерімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан Талғат Мамыртайұлы Қойбақов пен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан Мұрат Кәрібайұлы Бектанов босатылғанын айта кетейік.