24 мамыр 2017 17:35

Тасмағамбетов Патриарх Кирилді "Достық" орденімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Ресейдің Қазақстандағы елшілігі баспасөз қызметінен Сурет Ресейдің Қазақстандағы елшілігі баспасөз қызметінен

Бүгін Құтқарушы Христос храмында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі "Достық" орденін тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Құтқарушы Христос храмында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі "Достық" орденін тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Орыс православ шіркеуінің жетекшісі "мемлекеттік және қоғамдық қызметке, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін" жоғары наградаға ие болды", - делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов осынау айтулы күні Қазақстан Республикасы мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан награда тапсыру үлкен мәртебе екенін айтты. "Бұл Сіздің бейбітшілік пен келісімді, екі елдің халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы тынымсыз әрі өлшеусіз еңбегіңізге деген айрықша құрмет", - деп атап өтті қазақстандық дипломат.

"Қазақстанда исламмен қатар, православ діні де қоғамдық өмірде ерекше орны бар жетекші конфессиялардың бірі. Біздің елімізде Орыс православ шіркеуі өте маңызды жасампаз қызметті атқарады", - деді Тасмағамбетов.

Өз кезегінде Патриарх Кирилл көрсетілген жоғары марапат үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алығысын жеткізіп, барша қазақ халқына бейбіт өмір мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

"Достық" ордені - Қазақстан Республикасының жоғары наградаларының бірі. Бұл орденмен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтауда жемісті жұмыс атқарған, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. Орден иегерлерінің арасында - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, АҚШ Президенті (1989-1993) Джордж Буш (үлкені), АҚШ-тың 67-ші Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Ұлыбританияның Премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчер, кардинал-епископ, кардиналдар алқасының деканы (2001) Анджело Содано, Сауд Арабиясының патшасы - Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Сауд, Хорватия Президенті (2000- 2010) Степан Месич, Румыния Президенті Ион Илиеску, Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиев, Сингапур 1-ші премьер-министрі Ли Куан Ю, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Словакия Президенті (2007) Иван Гашпарович, Венгрия Президенті (2007) - Ласло Шойом, ФИФА президенті Йозеф Блаттер, РФ Президенті Әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов, қару құрастырушы Михаил Калашников, балетмейстер Юрий Григорович, КСРО Халық әртісі Иосиф Кобзон және басқа танымал тұлғалар бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети