Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Тасмағамбетов Түркістандағы медициналық әлеуметтік мекемесінде болған мәселені анықтауды тапсырды

29 Қыркүйек 2016, 13:13
0
Иманғали Тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов

ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ОҚО медициналық әлеуметтік мекемесінде орын алған мәселені анықтау үшін арнайы комиссияны жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осы аптада БАҚ-тарда арнайы мақала шыққан болатын. Онда Түркістан қаласындағы әлеуметтік мекемеде ем қабылдап жүрген азаматтың анасы сол мекеменің жағдайын сынап, емделушілердің тиесілі күтім алмайтынын айтып наразылық танытқан болатын.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ОҚО Түркістан қаласындағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесінде орын алған келеңсіздіктерді анықтау үшін Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрілігінің өкілдерінен құралған арнайы комиссияны жолдады. Аталған комиссияның құрамына әлеуметтік қызмет департаментінің директоры А. Төлегалиева, психиатриялық ғылыми-тәжірибиелік орталығы директорының орынбасары Н. Нигай, қаржы департаментінің директоры Г. Имашева, әлеуметтік қорғау және еңбек комитетінің бас сарапшысы Р. Көшкімбековалар енді.

"Ең әуелі комиссия құрамы осы мәселені жіті зерттеп, орын алған олқылықтың себебін анықтауы шарт. Барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң жұмыс тобы сараптама қорытысын жария ететін болады. Бүгінгі күні кешенді тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Бас прокуратурасына арнайы ұсыныс жасалды", - делінген хабарда.

Жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, заңды бұзған тұлғалар жауапқа тартылады, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін арнайы шаралар жасалады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай