Тасмағамбетов "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуының нәтижесімен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасмағамбетов "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуының нәтижесімен танысты © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 28 маусымда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сәуірдің 18-і мен маусымның 28-і аралығында Сарышаған полигонында өткен "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуының нәтижелерімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 28 маусымда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сәуірдің 18-і мен маусымның 28-і аралығында Сарышаған полигонында өткен "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуының нәтижелерімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу үш кезеңде өткізілді: "Күштер мен құралдарды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру", "Нысандарды қирату", "Қиранды салдарын жою, бұзылған жерлерді қалпына келтіру".

Аталған оқу-жаттығуды өткізудің өзектілігі Сарышаған полигонының ауданында 20 жылдан аса пайдаланылмаған және қанағаттанарлықсыз жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстардың орналасуымен байланысты. Оның шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде апат салдарын бөлшектеуді жүргізді. Арнайы оқу-жаттығуды өткізу барысында 20 мың гектар алаңда 200-ден аса жарамсыз ғимарат пен құрылыс қопарылып, құлатылды.

"Бұл оқу-жаттығу ерекше бағытқа ие. Алғаш рет ниетке сәйкес әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде апат салдарын боршалауды жүргізді. Практикалық сабақтар жеке құрамның, әскери инженерлер мен қопару топтарының машығы мен дағдысын жетілдіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта оқу-жаттығу нәтижелерін мұқият талдау қажет", - деді Иманғали Тасмағамбетов соңғы кезең барысында.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жалпы алғанда, "Жәрдем-2016" оқу-жаттығуына 200-ден аса әскери қызметші тартылды, 170 жарылыс жүргізілді. 207 нысан құлатылды және шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер мен экскаваторлар қатыстырылды. Соңғы кезеңге қиранды салдарын жоюдың жалпы көлемі шамамен 170 мың текше метрді құрады. Бұл көлемге құрылыс қоқысын тиеу және шығару, сондай-ақ құрылыс қоқысының алмастырылуы кірді. Екі жарым ай ішінде әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеу мен боршалауды, сондай-ақ аумақты тазартып, соңғы кәдеге жаратуды жүргізгенін айта кеткен жөн.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети