Тасмағамбетов жүргізушілермен, кондукторлармен әңгімелесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасмағамбетов жүргізушілермен, кондукторлармен әңгімелесті Көлік мамандарының біліктілік орталығы. Фото Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов жаңа Көлік мамандарының біліктілігі орталығында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов жаңа Көлік мамандарының біліктілігі орталығында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Орталықта 455 автобус жүргізушісі мен жолаушылар көлігінің 254 кондукторы оқып жатыр. Орталықтың өткізу қабілеттілігі айына 180-200 адамды құрайды. Жалпы, жыл соңына дейін 1500-ден астам адамды оқыту жоспарланып отыр.

"Мұның бәрі Сіздерге, ең бастысы тұрғындарға жайлы болуы үшін жасалып жатыр. Сол себепті де, біз барлық қызметті оңтайлы етуге тырысамыз. Автобустар жайлы, жүру кестесі ыңғайлы, қауіпсіздік шаралары сақталған, жүргізушілер жолаушылармен сыпайы қарым-қатынаста болуы біздің басты мақсатымыз деп біліңіздер. Сол себепті бұл мәселенің маңыздылығына келісетін шығарсыздар, - деді Тасмағанбетов жолаушы тасымалдайтын мамандарға.  

Аталмыш орталық 2014 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Еуропа елдерінің тәжірибесін жинақтай келе, Астана қаласының көлік саласы мамандары үшін жаңа технологиялармен және жабдықтармен жарақтандырылған Орталықта сабақтар өткізіледі. Оқу барысында қалалық жолаушылар көлігінің жүргізушілері, кондукторлар, бақылау-ревизиялық қызмет мамандары, такси жүргізушілері топтарына басымдық беріледі. Сонымен қатар, Орталықта инженерлік-техникалық мамандар, жөндеу цехының жұмысшылары, BRT жаңа көлік жүйесінің мамандары және қаланың көлік секторының басқа да мамандары білім алады.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети