Татарстан Назарбаевқа Қазанда оның есімі берілген көшені көрсетуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татарстан Назарбаевқа Қазанда оның есімі берілген көшені көрсетуге дайын © akorda.kz

Татарстан астанасы Қазан қаласының ресми өкілі Лилия Галимова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа оның есімі берілген көшені көрсетуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татарстан астанасы Қазан қаласының ресми өкілі Лилия Галимова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа оның есімі берілген көшені көрсетуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президенті қазіргі уақытта Татарстанда жұмыс сапарымен жүр.

"Нұрсұлтан Назарбаев бағдарлама бойынша Қазан университетіне және Қазан Кремліне барады. Сондай-ақ, кешке қарай тағы жоспарлар шығып қалуы мүмкін", - деді Қазан қаласының өкілі Youtubе хостингінде жарияланған видеода.

Татарстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев Қазан федералдық университетінде қазақстандық студенттермен кездеседі. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаева "Қазан федералдық университетінің құрметті докторы" атағы берілетіні айтылады.

Сондай-ақ, Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездеседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети