11 ақпан 2022 | 17:18

Татарстан президенті Тоқаевты "Дуслык" орденімен наградтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазан Кремлін" аралағаннан кейін Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу алдында Қазақстан Президенті "Құрметті қонақтар кітабына" қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Қазақстан Президенті мыңжылдық тарихымен, бай мәдени мұраларымен танылған Татарстанға сапармен келуге шақырғаны үшін Рустам Миннихановқа алғыс айтты.

"Мұнда Қазақстан Президенті ретінде келгеніме өте қуаныштымын. Сізбен елімізде бірнеше рет кездестім. Көптеген мәселе туралы, соның ішінде Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде сөйлестік. Екіжақты ынтымақтастыққа негізделген маңызды жобаларымыз бар. Қазақстан мен Татарстан басшылары саяси ерік-жігер танытатын болса, бұл жобалардың жүзеге асырылатыны сөзсіз", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа кеше Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жүргізген табысты келіссөзі туралы айтты.

"Келіссөз мазмұнына, кездесу нәтижелеріне көңілім толды. Біз, әрине, Ресей Федерациясының субъектісі ретінде Татарстанмен арадағы ынтымақтастықты дамыта беретіні жөнінде де әңгімелестік. Владимир Путин баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Ресей Федерациясының қарқынды дамып келе жатқан субъектілерінің бірі Татарстанға ерекше тоқталды және осы республикаға жұмыс сапарымен бару жөніндегі шешімімді қолдады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңызды екенін айтты.

"Шын мәнінде, екі ел арасындағы байланыстардың тарихы терең. Тарихымыз - ортақ. Бұл тақырыпта жазылған мақалалар мен кітаптарды қызыға оқимын. Оқыған сайын тарихи байланыстарымыздың соншалықты терең әрі сабақтасып жатқанына көз жеткіземін, тіпті таңғаламын. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты міндетті түрде дамыту керек деген пікіріңізді қолдаймын. Қазақстан бұған дайын", - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановтың мықты әрі беделді басшылығымен Татарстанның қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, республика халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Татарстан президенті Қазан қаласына сапармен келгені үшін Мемлекетіміздің басшысына алғыс білдіріп, Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық маңызын айтты.

"Бұл - біз үшін үлкен абырой. Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыс аясында Сіздің еліңізбен ықпалдастықты нығайту мүмкіндігін жоғары бағалаймыз. Қазақстан - Татарстан Республикасы үшін стратегиялық серіктес. Қазақстанның аймақтарымен келісімдер жасалды. Сіздің еліңізде табысты жұмыс істеп жатқан компанияларымызды мысалға келтіруге болады", - деді Рустам Минниханов.

Кездесу нәтижесінде Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевты "Дуслык" орденімен марапаттады.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети