"Тәтті тоқаштан тышқан шықты": Республикалық балаларды оңалту орталығында тексеру жүргізіледі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тәтті тоқаштан тышқан шықты": Республикалық балаларды оңалту орталығында тексеру жүргізіледі Фото:Кенжегүл Тергембай/facebook.com

Республикалық балаларды оңалту орталығының асханасынан шу шықты. Асханаға келушілер тоқаштың ішінен тышқан тауып алған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балаларды оңалту орталығында тексеру жүргізілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық балаларды оңалту орталығының асханасынан шу шықты. Асханаға келушілер тоқаштың ішінен тышқан тауып алған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балаларды оңалту орталығында тексеру жүргізілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық республикалық балаларды оңалту орталығында болған оқиғаны Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить, пожаловаться" тобында журналист Кенжегүл Тергембай жариялады.

Айта кетейік, бұл орталық University Medical Center (UMC) корпоративтік қорына кіреді.

Тергембай ата-аналар асхананың тағамдарына көңілдері толмайтынын айтып бірнеше мәрте шағымданғанын айтты. 

Бұл жағдайға қатысты елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсініктеме берді.

"Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өнімді жеткізуші кәсіпкерлік субъектісін анықтады. Кәсіпкерлік субъектісі тексеруге мораторий қолданылатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататындықтан, өнім берушіге қатысты жоспардан тыс тексеруді жоғары органдар жүргізеді. Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткізген және қабылдаған іс-шаралар туралы алдағы уақытта хабардар етеміз", –  деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бұйрығы негізінде Есіл ауданы бойынша СЭБД бөлімі Республикалық балаларды оңалту орталығындағы тамақ өнімдерінің сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети