10 қаңтар 2022 | 09:00

"Тәуекелге бармаңыздар". Қазақстандықтарға коменданттық сағатты бұзу салдары ескертілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдай режимі кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ерекше өкілеттіктер берілген. Полицейлер мен әскерилер жаяу жүргіншілерді де, көліктерді де тоқтатып, құжаттарын тексеруге толық құқығы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Төтенше жағдай режимі кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ерекше өкілеттіктер берілген. Полицейлер мен әскерилер жаяу жүргіншілерді де, көліктерді де тоқтатып, құжаттарын тексеруге толық құқығы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Егер құжаттары болмаса, құқық қорғау органдары азаматты, жеке басын анықтағанға дейін ұстай алады. Сондай-ақ, полиция ұсталғандарды, оның заттары мен көлігін тексеруге құқылы.

Телеарна мәліметінше, мұның бәрі "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының заңында жазылған. Төтенше жағдай жарияланған жерде тәртіпбұзушыға 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал төтенше жағдай кезінде билік өкіліне қатысты зорлық әрекеттер қолданылған болса, ол азамат 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат. Бұл - ешкім үйінен шығып, жолдарда жүруіне болмайы дегенді білдіреді. Бұл уақытта қала қарулы күштер, әскер, күш құрылымдары билігіне беріледі. Азаматтарға айтарым: тәуекелге бармаңыздар! Егер көлікте отырып, шығатын болсаңыз, олар атуы мүмкін. Және ол заң тұрғысында дұрыс болады", - деп ескертті заңгер.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңінде (2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында) азаматтардың көшеде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Бірқатар өңірде ол 23:00-ден 7:00-ге дейін белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 489.15   533.04   4.98 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети