ER-BATYR жобасында танымал саяхатшы және зерттеуші Мағжан Сағымбаев. Ол сұхбат барысында ойынға деген құмарлығын қалай жеңгенін, айдалада сусыз жалғыз қалғаны, сондай-ақ анасының қандай қасиетін бағалайтынын айтады.
ER-BATYR жобасында танымал саяхатшы және зерттеуші Мағжан Сағымбаев. Ол сұхбат барысында ойынға деген құмарлығын қалай жеңгенін, айдалада сусыз жалғыз қалғаны, сондай-ақ анасының қандай қасиетін бағалайтынын айтады.
Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан, сондай-ақ 16.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар.
Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Жоба Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясы және БҰҰ-ның Қазақстандағы Халық қоныстану қорының (ЮНФПА) қолдауымен шығарылады.
Мағжан Сағымбаев - танымал саяхатшы және зерттеуші, "Екі дөңгелектегі көшпенді" кітабының авторы, әлем бойынша жалғыз саяхат жасаған алғашқы қазақстандық. Ол 50 елде болып, 380 күнде велосипедпен 22 мемлекетті аралап, Антарктиданың ең биік нүктесін бағындырып, шаңғымен Оңтүстік полюске дейін жеткен.
ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейінгі жоба қонақтары Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.
Түсірілім жасау үшін локация ұсынған RTS Decaux компаниясына алғыс білдіреміз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!