"Тәуелсіздікке 25 жыл" атты ақпараттық пойыз ауылдарға жол тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тәуелсіздікке 25 жыл" атты ақпараттық пойыз ауылдарға жол тартты © ortcom.kz

Тараз қаласынан "Тәуелсіздікке 25 жыл" атты ақпараттық пойыз өңірдегі ауылдарды аралауға шықты, деп хабарлайды 24.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз қаласынан "Тәуелсіздікке 25 жыл" атты ақпараттық пойыз өңірдегі ауылдарды аралауға шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Топ мүшелері аймақ тұрғындарымен кездесіп, егемендіктің ширек ғасырында еліміздің жеткен жетістіктері жайлы әңгімелемек. Сондай-ақ, түрлі сала мамандары тұрғындарға қазіргі таңда іске асырылып жатқан бастамаларды да жіліктеп айтып бермекші. Пойыз құрамында білікті дәрігерлер де бар. Олар ауыл халқының денсаулығын тексеріп, аурулардың алдын алуға түрлі кеңес береді. Айта кету керек, осы топпен бірге бағаны тұрақтандыру мақсатында 90 тонна азық-түлік те жөнелтілді.

Оңғар Сәлімбаев, ақпараттық топ мүшесі:

Айтып отырған негізгі үлкен бір бағытымыз - халықтың кішкене көзін ашу. Тәуелсіздіктің негізін қалай ұстап тұрамыз. Ол үшін не істеуіміз керек. Әр адам бізге "Үкімет не береді?" деп отырмауы керек. Әр адам өз үлесін қосуы керек. Кім болса да. Сондықтан айтып отырғаным, бұл үгіт пойызының міндеті өте жоғары.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети