16 ақпан 2015 | 15:35

Тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысына 170 мың оралман келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©egov.kz ©egov.kz

Алматы облысына қоныстанған оралмандардың басым бөлігі - Өзбекстан мен Қытайдан келгендер, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жазған жауабында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Сәния Наурызбаева хабарлады. Оралмандардың көпшілігі ауыл шаруашылығымен және саудамен айналысады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысына қоныстанған оралмандардың басым бөлігі - Өзбекстан мен Қытайдан келгендер, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жазған жауабында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Сәния Наурызбаева хабарлады. Оралмандардың көпшілігі ауыл шаруашылығымен және саудамен айналысады.

Оның мәліметінше, 2014 жылы жалпы саны 1624 адамнан тұратын 918 отбасыға оралман мәртебесі берілді. "Елге оралған қазақстардың 51,3 пайызы - Өзбекстаннан, 46 пайызы - Қытайдан, 1,2 пайызы - Моңғолиядан, ал қалғандары Пәкістан, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресейден келгендер, - дейді Наурызбаева. - 1624 оралманның басым бөлігі, яғни 1200-і еңбекке қабілетті. Олардың 852-сі жұмыспен қамтылған, ал 338-і - жұмыссыз".

Әкімдіктің мәліметінше, оралмандар негізінен кәсіпкерлікпен және маусымдық жұмыстармен айналысады. Наурызбаеваның айтуынша, 2014 жылы 7 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал төрт оралман қоғамдық қызметке жіберілді. "2015 жылдың басынан бері тұрақты тұру үшін Өзбекстаннан бір адам келді, оған оралман мәртебесі берілді", - дейді ол.

Наурызбаеваның мәліметінше, 1991 жылдан қазірге дейін Алматы облысына 52 784 этникалық қазақ отбасы көшіп келді. Бұл отбасы мүшелерінің жалпы саны - 173 706 адам. Оралмандарды орналастыратын негізгі аймақтар Оңтүстік Қазақстан (21,2 пайыз), Алматы (16 пайыз), Маңғыстау (12,9 пайыз) және Жамбыл (9,4 пайыз) облыстары екені бұған дейін хабарланған болатын.

Айта кетейік, енді оралмандар Қазақстан азаматтығын бір жылдың ішінде ала алады. Бұрын заңнамада оралмандар төрт жыл елімізде уақытша тұратындар ретінде, одан кейін азаматтық алуға үш жыл мерзім беру қарастырылған болатын. Сонымен қатар, билік этностық қазақтарға арнап жаңа әлеуметтік пакет енгізгелі жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети