09 қараша 2016 17:34

Тәуелсіздік жылдарында қызылордалықтардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mk-kz.kz © mk-kz.kz

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қызылорда облысы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарған. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.


Тәуелсіздік жылдары ішінде Қызылорда облысы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарған. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Ол облыстық бюджеттің көп бөлігі халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне, оның ішінде денсаулық  сақтау саласына жұмсалатынын атап өтті. Қызылордада жаңа заман талабына сай облыстық медициналық және диагностикалық орталықтар, перинаталдық орталық, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығы және өзге де әлеуметтік нысандар бой көтерді. Барлық аудан орталықтарында заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа емханалар, ондаған ауылдық дәрігерлік амбулаториялар салынды.

"25 жылда аймақта 400 мыңнан астам сәби-Тәуелсіздіктің төл құрдастары дүниеге келді. Ал тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға дейін ұзарды",- деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети