Тәуелсіздік көпіріне асфальт төсеу жұмыстары қайта жалғасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіздік көпіріне асфальт төсеу жұмыстары қайта жалғасады Фото: depositphotos.com

Астанадағы Тәуелсіздік көпіріне 18-24 шілде аралығында асфальт төсеу жұмыстарын жасау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Тәуелсіздік көпіріне 18-24 шілде аралығында асфальт төсеу жұмыстарын жасау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін 10-20 шілде аралығында асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу үшін көпірдің жабылатыны туралы хабарланған болатын. Алайда, ауа райына байланысты 14 шілдеден бастап жұмыс уақытша тоқтатылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

18 шілдеде сағат 23:00-ден 24 шілдеде 01:00-ге дейін асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеуді аяқтау үшін көпірдің жүріс бөлігін ішінара жабу жоспарланған. Қозғалыс көпірдің бір жағында екі бағытта ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында туындауы мүмкін кептелістерді болдырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети