Тараз қаласынан "Тәуелсіздікке 25 жыл" атты ақпараттық пойыз өңірдегі ауылдарды аралауға шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Тараз қаласынан "Тәуелсіздікке 25 жыл" атты ақпараттық пойыз өңірдегі ауылдарды аралауға шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Топ мүшелері аймақ тұрғындарымен кездесіп, егемендіктің ширек ғасырында еліміздің жеткен жетістіктері жайлы әңгімелемек. Сондай-ақ, түрлі сала мамандары тұрғындарға қазіргі таңда іске асырылып жатқан бастамаларды да жіліктеп айтып бермекші. Пойыз құрамында білікті дәрігерлер де бар. Олар ауыл халқының денсаулығын тексеріп, аурулардың алдын алуға түрлі кеңес береді. Айта кету керек, осы топпен бірге бағаны тұрақтандыру мақсатында 90 тонна азық-түлік те жөнелтілді.
Оңғар Сәлімбаев, ақпараттық топ мүшесі:
Айтып отырған негізгі үлкен бір бағытымыз - халықтың кішкене көзін ашу. Тәуелсіздіктің негізін қалай ұстап тұрамыз. Ол үшін не істеуіміз керек. Әр адам бізге "Үкімет не береді?" деп отырмауы керек. Әр адам өз үлесін қосуы керек. Кім болса да. Сондықтан айтып отырғаным, бұл үгіт пойызының міндеті өте жоғары.