"Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!" республикалық акциясы өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Cтратегия 2050 сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ Президенті Нұрлан Ерімбетов.
"Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!" республикалық акциясы өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Cтратегия 2050 сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ Президенті Нұрлан Ерімбетов.
Оның айтуынша, биыл 25 қарашада VII Азаматтық Форумын өткізу бойынша дайындыққа арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Форумға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдары өкілдері, өңірлік және республикалық ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар өкілдері, дипломатиялық миссиялар басшылары, сарапшылық қоғамдыстық және БАҚ өкілдері қатысады.
Аталған шараның алдында облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ҮЕҰ-ның өңірлік Форумдары өтуде. Өңірлік Форумдарда өңір алдында тұрған мәселелерді шешу жолдары анықталатын болады, республика масштабындағы ұсыныстар пысықталады, Қазақстанның VII Азаматтық Форумына делегаттар сайланады.
Сонымен қатар, "Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!" республикалық акциясы өткізіледі. Әр өңірлік форумда бір бастамадан ұсынылатын болады, оның шеңберінде ҮЕҰ-лар бірге бірлесе отырып, өңірдің нақты проблемасын шешуді өздеріне алатын болады. Өңірлердің 16 бастамасына қосымша, 9 республикалық ҮЕҰ әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша 9 бастаманы ұсынады. Осылайша, "Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!" республикалық Акциясы басталады.
Конкурс әлеуметтік проблемаларды шешудегі инновациялық тәсілдерді анықтауға бағытталған. Жәрмеңке 15 қазан мен 15 қараша аралығында өтеді. Жобаның үздік идеясының авторы 1 миллион теңге көлеміндегі сыйлықпен марапатталады.
Сондай-ақ, "Таным" республикалық конкурсы басталған. Конкурс ҮЕҰ жетістіктерін көпшілікке мойындатуға бағытталған. Конкурс жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. 14 номинация бойынша марапттау салтанаты Форум шеңберінде өтеді.
Форум бағдарламасына ҮЕҰ жетістіктерінің көрмесі, Қазақстанның VII Азаматтық Форумының пленарлық отырысы еніп отыр. Отырыс барысында "Қазақстанның ҮЕҰ-ның этика кодексін" қабылдау және VII Азаматтық Форумы ұсыныстарын пысықтау жоспарануда.
Сонымен қатар, Ерімбетовтың айтуынша, Қазақстанның Азаматтық альянсы Қоғамдық кеңестерді дамыту мақсатын алға қойып отыр.
Жоба өңірлік Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша олармен серіктестік өзара іс-қимыл жасауға, халықты Қоғамдық кеңестер арқылы шешімдер қабылдау процесіне тартуға бағыталған.