ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2021 | 10:26
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Алматы мен Нұр-Сұлтанда қалай тойланады?
Алматы мен елорда әкімдіктері 16 желтоқсанға дейін қалалар қалай безендірілетінін және қандай іс-шаралар өткізу жоспарланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы мен елорда әкімдіктері 16 желтоқсанға дейін қалалар қалай безендірілетінін және қандай іс-шаралар өткізу жоспарланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияның сауалына жауап ретінде Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай қалада мерекелік безендіру, билбордтар, медиабордтар, LED-экрандар орнату, метро станцияларында және "Джамбо" (Республика алаңындағы экран) конструкцияларын, сондай-ақ шағын сәулет нысандарын орнату жоспарланғанын хабарлады. Мерекелік құрылымдар адам көп жиналатын жерлерде орнатылады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік нысандар ашылатынын мәлімдеді: 20 мыңнан аса оқушыға арналған жеті мектеп, 2,5 мың әлеуметтік көппәтерлі тұрғын үй кешені (қолжетімді баспана), үлестік құрылыстың тоғыз нысаны – 2400 үлескер отбасына.
"Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қаланы безендіру тұжырымдамасы аясында еліміз үшін маңызды оқиғаны көрнекі түрде көрсету және мерекелік атмосфера құру мақсатында баннерлердің эскиздері жарнамалық конструкцияларда, панноларда орналастырылады, сондай-ақ жарықтандыру тіректеріне тулар ілінеді. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсететін тақырыптық бейнероликтер 15 LED-экранда және 50 қалалық дисплейде, сондай-ақ "Нұр жол" вокзалының экрандарында, Назарбаев халықаралық әуежайының терминалдарында ғимарат ішінде де, аумағында да, "ҚТЖ" АҚ, Министрліктер үйі және т.б. көрсетіледі", - деді Нұр-Сұлтан әкімдігі өкілдері.
Мәдениет басқармасы мәліметінше, Тәуелсіздік күніне орай келесі іс-шаралар өткізіледі:
- Е.Рахмадиева атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда 2021 жылдың 8 желтоқсанында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Сарыарқа" және "Думанды ел" фольклорлық ансамблінің концерті;
- 2021 жылдың 13-14 желтоқсанында "НАЗ" мемлекеттік би театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік елінің ерлік жолы" атты концерттік бағдарлама;
- 2021 жылғы 16-17 желтоқсанда елордалық "Астана" циркінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік бағдарлама;
- 2021 жылдың 17 желтоқсанында "Жастар" сарайында "Менің Отаным – Қазақстан!" концерттік бағдарламасы;
- 2020 жылдың 14 желтоқсанында Сәкен Сейфуллин музейінде "Қасиетінен айналдым – Тәуелсіздік" атты әдеби кеш;
- 2021 жылдың 1 желтоқсанында "Алжир" Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметіне арналған "Көшбасшылыққа 30 жыл" тақырыбында слайдтар сүйемелдеуімен көрме;
- Жас көрермендерге арналған музыкалық театрда "Шанель №5" спектаклінің премьерасы жоспарланған.
Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан әкімдіктерінде жаңажылдық мерекелерде қала қалай безендірілетінін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также