18 қараша 2021 08:54

Жаңа жылға Алматы мен Нұр-Сұлтан қалай безендіріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен елорда әкімдіктері жаңажылдық мерекелерде қала қалай безендірілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мен елорда әкімдіктері жаңажылдық мерекелерде қала қалай безендірілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы қазіргі уақытта жаңажылдық безендірудің қалалық тұжырымдамасы пысықталып жатқанын айтты. Бюджет қаражатын үнемдеу үшін әкімдік былтыр пайдаланылған бұйымдарды қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

"Биыл қала тұрғындары көп жиналатын жергілікті жерлерді безендіру жоспарланған. Жаңа жылға арналған шыршалар орнату және мерекелік безендіру жұмыстары 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінен кейін жүргізіледі", - деді мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Наиля Мулюкова.

Нұр-Сұлтан әкімдігі мәліметінше, қала көшелерін жаңажылдық безендіру үшін былтырғы шамдарды, инсталляцияларды және басқа да әшекейлерді пайдалану жоспарланған. Ал аудандарда әкімдік балансындағы шыршалар қойылады. Қысқы демалысқа арналған барлық қоғамдық орын шағын архитектуралық формалармен және инсталляциялармен безендіріледі.

"Қаланы безендіру үшін жаңажылдық шыршалар, былтырғы материалдар пайдаланылады. Әшекейлердің элементтері ұзақ уақыт пайдалануға арналмаған қолжетімді материалдардан жасалғандықтан, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін былтырғы әшекейлер мен шағын архитектуралық формалардың 50-60 пайыздан астамын пайдалану жоспарланған", - деді әкімдік өкілдері.

Қаланың әр ауданында әкімдіктер әшекейлерді жалпы тұжырымдама бойынша жабдықтайды.

  • Алматы ауданы: 10 тақырыптық алаңды (Триатлон саябағы, "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаң, Ақбұлақ өзенінің жағасы, Оқушылар сарайы, Президент саябағы (Хайвилл), "Жерұйық" саябағы), оның ішінде төрт тұрғын үйдегі қоғамдық орындарды, онда жеті мұз сырғанағы мен бес сырғанау алаңын жабдықтау жоспарланған.
  • Байқоңыр ауданы: аудан әкімдігінің балансындағы биіктігі 18, 15 және 8 метр болатын бес жаңажылдық шырша орнатылады.
  • Сарыарқа ауданы: жыл сайын бекітілген мерекелік тұжырымдамаға сәйкес, осы ауданда бес жерде қысқы демалыс орындары ұйымдастырылады.
  • Есіл ауданы: аудан екі жылдан аса уақыт өткендегі шағын сәулет нысандары арқылы безендірілді.

Сондай-ақ, әкімдік Жаңа жылды тойлауға арналған бірқатар мәдени шараларды, соның ішінде филармонияның концерттерін, балалар және ересектер театрларында жаңажылдық қойылымдарды дайындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети