Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайтын уақыт емес - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайтын уақыт емес - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қойылған жоспарлар мен мақсаттарды айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қойылған жоспарлар мен мақсаттарды айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, ол экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адамдардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны қорғау белгісімен өтуі тиіс.

Қазір осы маңызды тарихи күнге орай көптеген салтанатты іс-шара өткізетін уақыт емес, істі ұзақ уақытқа қалдырмай, біз ең қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуге міндеттіміз", - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

"Бұл жыл әлі аяқталған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде ол бүкіл адамзат тарихында ерекше болды деп айтуға болады. Әлем күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр. Коронавирус пандемиясы халықаралық қатынастардағы көптеген проблеманы көрсетті, экономикалық өзара іс-қимылдың белгіленген қағидаларын қайта қарауға әкелді, жаңа әлеуметтік үрдістердің негізін қалады және технологиялық инновацияларды өзектендірді", - деді Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети