22 тамыз 2020 | 17:04

Тауға шаңғымен сырғанауға баратын турист күніне 250 доллар жұмсайды. Қазақстанда туризм қалай дамып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Статистикаға сәйкес, тау шаңғысы туристі демалыс үшін күніне орташа есеппен 250 доллар жұмсайды, ал салыстырмалы түрде жағажайға баратын турист тек 50 доллар жұмсайды. Бұл туралы тау шаңғысы және эко туризмді дамыту бойынша өткен кездесуде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Kazakh Tourism ҰК" АҚ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Статистикаға сәйкес, тау шаңғысы туристі демалыс үшін күніне орташа есеппен 250 доллар жұмсайды, ал салыстырмалы түрде жағажайға баратын турист тек 50 доллар жұмсайды. Бұл туралы тау шаңғысы және эко туризмді дамыту бойынша өткен кездесуде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Kazakh Tourism ҰК" АҚ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымбұлақ тау курортында туризм саласындағы қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар басшыларының кездесуі өтті. Айта кету керек, мұндай кездесу алғаш рет теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте болды.

Талқылаудың басты тақырыбы таудағы 2020-2021 қысқы маусымға дайындық және ұлттық парктерде экотуризмді дамыту мәселелері болды.

Шымбұлақ жыл бойынғы тау курортының презентациясы барысында компанияның бас директоры Ринат Әбдірахманов туроператорлармен бірге пакеттік ұсыныстарды қалыптастыруға ерекше назар аударып, туристік қауымдастықтар басшыларымен курортты одан әрі дамытуды талқылады.

"Тау шаңғысы демалысын ұйымдастыру Қазақстанда өте перспектив бизнес, өйткені шетелдік туристердің біздің тауларымызға деген қызығушылығы бар және біздің туристеріміздің Еуропаның немесе Орталық Азия елдерінің шетелдік тау шаңғы курорттарына деген сұранысы да бар", - дейді Turan Asia LLP директоры Гүлғайша Қасенханқызы.

Айта кету керек, статистикаға сәйкес, тау шаңғысы туристі демалыс үшін күніне орташа есеппен 250 доллар жұмсайды, ал салыстырмалы түрде жағажайға баратын турист тек 50 доллар жұмсайды.

Кездесудің екінші бөлімі толығымен экотуризм және туристердің экологиялық сауаттылығын арттыру мәселелеріне арналды.

"Тамыр" жабайы табиғатта болу мектебінің идеялық жетекшісі Әсел Исанова туристерді қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету жоспарлары туралы айтып берді.

"Біз жұртшылыққа таудағы жүріс-тұрыс ережелерін қоғамдық дәрістер, ақпараттық турлар, білім беру және шабыттандыратын медиа контент арқылы таныстыратын боламыз. Біздің басты мақсатымыз - адамның табиғатта қауіпсіз болуын, сондай-ақ табиғатты адамның зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету", - дейді Әсел Исанова.

Әрі қарай спикер мектеп жанынан эко-волонтерлік қозғалыс құрылатынын, оған бір айда аз уақыт ішінде 600-ден астам адам тіркелгенін хабарлады. Қозғалысқа қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен студенттерден басқа, кәсіби еріктілер, шығармашылық адамдары, экологтар, биологтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар және басқа да мамандандырылған тұлғалар бар.

"Мен бірлескен іс-әрекеттердің арқасында біз парктің ластануы, флора мен фаунаның жойылуы, туристік ағындарды реттеу және тағы басқа маңызды мәселелерді шешуге үлкен үлес қоса алатынымызға сенімдімін", - деп қорытындылады Әсел Исанова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети