"Тауып беремін ғой". Шымкентте әйелді себепсіз тоқтатты деген полицейдің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тауып беремін ғой". Шымкентте әйелді себепсіз тоқтатты деген полицейдің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде әйелді тоқтатып, "тоқтату себебін тауып беретінін" айтқан полиция қызметкерінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде әйелді тоқтатып, "тоқтату себебін тауып беретінін" айтқан полиция қызметкерінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео TikTok-та тарады. Желіде тараған роликте полиция қызметкері әйелді тоқтатып, қызметтік көлікте сөйлесіп отырғанын көруге болады. Әйел адам екі баласының дене қызуы көтеріліп, көлікте отырғанын айтады.

Видеоны өшіріңіз, - дейді полиция қызметкері.

Өшірмеймін, сіз мені себепсіз тоқтатып отырсыз, - дейді көлікте отырған әйел.

Тауып беремін ғой (себеп - еск.), - дейді полицей.

@etope4alno #police #shymkent #dudoser #kazakhstan ♬ оригинальный звук - Это реально но это печально

Шымкент қалалық патрульдік полиция полкінің командирі Данияр Мейірхан бұл іске қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қызметтік тексеру басталған.

"Бұл видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қызметтік тексеру басталды, бірақ қызметкер жұмыстан кету туралы арыз жазды. Мұндай тұлғаларға біздің қатарымызда орын жоқ. Полк қатарындағы тазарту жұмыстары жалғасатынын атап өткім келеді", - дейді Данияр Мейірхан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети