Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Таяу күндері еліміздің ауа райы тосын мінез танытады - синоптиктер

16 Наурыз 2016, 14:22
0
© orshagrad.by
© orshagrad.by

Елімізде таяу күндері ауа райы тосын мінез танытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы жылжыған циклон мен атмосфералық фронттар республиканың барлық аумағына жауын-шашын, дауыл мен бұлтты ауа райын алып келеді.

"Жауын-шашынмен бірге тұман күтілуде. Қазақстанның солтүстік жартысында боран соғып, көктайғақ болады. Алайда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, солтүстікте де сол деңгейде сақталады", - деп хабарлады мамандар.  

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Наурыз мейрамында ауа райының қандай болатынын айтты. Мамандардың мәліметінше, келесі аптаның басында скандинавиялық циклон батыс бағытта жылжи отырып, Қазақстанның басқа да аумақтарын қамтиды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай