04 наурыз 2015 15:14

Таяу күндері Қазақстанда ауа райы бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алдағы үш тәулікте - 5-7 наурыз күндері Қазақстанда жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Алдағы үш тәулікте - 5-7 наурыз күндері Қазақстанда жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Республика бойынша ұзақ уақыт сақталған айрықша жылы ауа райына байланысты оңтүстіктегі бірқатар облыста мерзімінен бұрын қар жауды. Қазақстандағы антициклон алдағы үш тәулікте ақырын бұзылып, солтүстік-шығысқа Сібірге қарай жылжи бастайды. Оңтүстіктен және батыстан бізге қарай нашар сезілетін циклонды өріс ауысатын болады, оған ілесіп кейбір аудандарда қар жауады деген болжам бар. Оңтүстікте жаңбыр жауып, соның салдарынан осы аудандарда соңғы қар еріп кетеді", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, синоптиктер бұған дейін 4 наурызда еліміздің көп бөлігінде тұманның түсетінін хабарлаған еді. "Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл көлі аумағында жел секундына 22-27 метрге дейін күшейеді, күндіз жел екпіні секундына 30 метрден асады", - деп болжады "Қазгидромет" мамандары. Сондай-ақ наурыздағы мереке күндері ауа райының қандай болатынын хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети