04 маусым 2017 | 17:01

Тайланд әуежайының полициясы Үсеновті жауапқа тартқан жоқ - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайланд әуежайының полициясы Мақсат Үсеновті жауапқа тартқан жоқ. Бұл туралы Facebook желісінде ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тайланд әуежайының полициясы Мақсат Үсеновті жауапқа тартқан жоқ. Бұл туралы Facebook желісінде ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Тайланд елордасының құқық қорғау органдарының өкілдері қазақстандық дипломаттарға азамат Үсеновке қатысты тексеріс жүргізілгенін хабарлады. Оның Бангкокке Вьетнамға бара жатқан жолда транзитпен тоқтағаны белгілі болды. Осыны ескере отырып, полиция қызметкерлері Вьетнам әуе компаниясының өкілдеріне хабарласып, біздің отандасымыздың оқиғасын хабарлады. Үсеновтің тәртіпті сақтауға және экипаждың талаптарын орындауға келісім бергеннен кейін Вьетнам әуе компаниясы оны бортқа алуға келісім берді", - деп хабарлады Жайнақов. 

Осылайша, оның айтуынша, Бангкок полициясы жағдайларды ескере отырып, тәртіп бұзған адамды қамауға алмай, жауапқа тартудан бас тартыпты.  

Мақсат Үсенов Бангкоктен Хошиминге жергілікті уақыт бойынша сағат 11:20-де ұшып кетіпті. 

"Өз атымнан айтарым, кез келген жолаушының ұшақ бортында мұндай бейадекват әрекеті наразылық қана емес, оған деген аяушылық сезімін туғызады. Чуковскийдің "Мойдодырынан" "Стыд и срам!" деген сөзі ғана еске оралады", - деп жазды СІМ ресми өкілі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети