"Таза" энергияға қол жеткізу - адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі - Есімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Таза" энергияға қол жеткізу - адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі - Есімов © Ratel.kz

"Таза" энергияға қол жеткізу - адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі, - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Жасыл экономика - болашақтың жаңа энергиясы" #NEWENERGY стартап фестивалінің панельдік сессиясы барысында. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
 
"Мен баршаңызды Ұлттық компания атынан күтіп алғаныма қуаныштымын. Қатысушылардың құрамы көңілді көншітерлік, бірқатар шетелдіктер жиналған. Ол бүгінгі форумның жақсы ұйымдастырылғанын байқатады", - деді Есімов.

Ол жасыл энергетика тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Есімовтың айтуынша, көрмені өткізу климаттың өзгеруі мен энергия тиімділігін арттыратын жаһандық мәселелерді шешудің өзегіне айналады.

"Қазақстан ауқымды шараның тақырыбын болашақтың энергиясы деп атады. Бұл адамзаттың ең негізгі мәселелерінің бірі, яғни таза энергияға қол жеткізу. Көрмені өткізу  тиімділікті арттыру мен климаттың өзгеруіне қатысты жаңа жаһандық мәселелерді шешудің алаңына айналады. Қазірден бастап аталмыш тақырып төңірегінде бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр", - деді ол.

Ол айтып өткендей, өткен жылы Астанада үздік тәжірибешілерді таңдай бойынша халықаралық комиссия отырысы өткізілді. Оны  Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес басқарған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети