Биыл наурыздан бастап Қазақстанның электрон үкімет порталында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұру қызметі іске қосылды. Енді қазақстандықтар кезекке тұрып, оның қозғалысын онлайн бақылай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
Биыл наурыздан бастап Қазақстанның электрон үкімет порталында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұру қызметі іске қосылды. Енді қазақстандықтар кезекке тұрып, оның қозғалысын онлайн бақылай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін жер телімін алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімдіктерге жүгінген, ал кезекте тұрғандар әкімдіктерде сақталатын.
"Осы уақытқа дейін порталда екі қызмет жұмыс істемеді - жер телімін жекеменшікке жоспарлау және сату. Қазір жұмыс істей бастады, жоспарлау автоматтандырылған. Енді тұрғындар әкімдікке бармай, электрон түрде қызмет ала алады. Ол үшін компьютер және ЭЦҚ-кілт қажет", - деді Қостанай облысы әкімдігінің Цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының бас маманы Махаббат Сырғабай.
Басылым 18 жастан асқан кез келген қазақстандық жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімін тегін ала алатынын еске салады. Бұл ретте сізде жылжымайтын мүлік - пәтер, үй, гараж, жер учаскесі бар-жоғы маңызды емес. Бірақ тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін ғана жер иесі атанады.
"Электрон үкімет порталына өту керек, осы қызмет атауын іздеу жүйесіне енгізуге болады немесе "Жылжымайтын мүлік" - "Жер қатынастары" бөлімінде "Жекеменшік тұрғын үй салуға немесе жер телімін алуға жер телімін қарау немесе алу үшін кезекке қою" қызметін таңдауға болады", - деп түсіндірді сарапшы.
Нәтижесінде, азаматқа кезекке тұру туралы анықтама немесе бас тарту беріледі. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде Қостанай облысында 33 мың адам тегін 10 сотық жер алуға кезекте тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!