2017 жылғы Универсиада өткеннен кейін "Технодом" компаниясы 500 данадан астам техниканы спорт мектептеріне тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі универсиаданың ресми сайтына сілтеме жасап.
2017 жылғы Универсиада өткеннен кейін "Технодом" компаниясы 500 данадан астам техниканы спорт мектептеріне тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі универсиаданың ресми сайтына сілтеме жасап.
2016 жылдың 11 қазаны - Алматыда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы және "Технодом" компаниясы ынтымақтастық туралы шартқа ресми түрде қол қойды. Аталған шарт аясында Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің жұмысын жабдықтау мақсатында 500 данадан астам теника мен жабдық беріледі. Олар Универсиада өткізілгеннен кейін Алматы қаласындағы спорт мектептеріне тапсырылатын болады.
Қол қою рәсімінде, "Технодом" компаниясының Президенті Ренат Исмаилов пен 2017 жылғы Универсиада дирекциясының жетекшісі Наиль Нуров қатысты.
"Технодом" компаниясының әлеуметтік-корпоративтік саясатындағы басты басымдықтардың бірі- қазақстандық спортты қолдау, еліміздің болашақ мұрасына деген, балаларымызға деген қамқорлық, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау және осындай ынтымақтастыққа қол қою - компаниямыздың елеулі оқиғасы болып отыр. "Технодом" компаниясы спортты белсенді қолдаумен бірге қоқысты жинау бойынша эко-жорықтар, электрондық қалдықтарды жинауға арналған арнайы эко-бокстарды орнату сияқты түрлі эко-жобаларды енгізіп және іске асыра отырып, еліміздің экологиясының жақсаруына да қамқорлық жасап отырғаны, сондай-ақ политилендіпакеттерді қолданудан бас тарту бойынша жобаны енгізуді жоспарлап отырғаны туралы айта кеткім келеді. Өйткені, біздің басты мақсатымыз - бұл Қазақстанның болашақ ұрпағына деген қамқорлық!", - деді "Технодом" компаниясының Президенті Ренат Исмаилов.
Қол қойылған шарттың аясында, "Технодом" компаниясы Универсиаданы ұйымдастыруға қатыстырылған Ойындарды басқару орталығын, пресс-орталықтарын, аккредиттеу орталығы және басқа да қызмет көрсету орталықтарын жабдықтау үшін 500 данадан астам техника мен жабдықты береді.
"Универсиаданы ұйымдастыру комитеті қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсетеді. Қазқамтуды дамытуда біздің жоба сатып алу мен қызмет түрлерімен шектелмейді. Біздер ұлттық қазақстандық брендтерді халықаралық аренада насихаттауды ұсынамыз. Осы бағытта Универсиаданың маркетингтік бағдарламасы әзірленді. Бүгін біздер, «Технодом» компаниясымен келісім-шарт жасастық. Бұл компания - алдыңғы қатарлы электрлік тұрмыстық және компьютерлік техникасының ұлттық желісі саналады. Біз аталған компанияға алғысымызды білдіре отырып, Ойындар қорытындысы бойынша, Универсиада-2017 мұрасы аясында барлық жабдықтарды Алматы қаласындағы спорт мектептеріне тапсыратын боламыз", - деді 2017 жылғы Универсиада дирекциясының басшысы Н.Нуров.
Универсиада дирекциясының басшысы сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық компанияларды ынтымақтастыққа шақырды. Универсиаданың маркетингтік мүмкіншіліктері өзінің серіктестерін 12 жарыс күнінің ішінде 1 млрд. астам телекөрермендер аудиториясына көрсетуге мүмкіндік беретін болады. Қазақстан тарихында бірде-бір халықаралық оқиға мұндай телеаудитория қамтымаған болатын.
Өз кезегінде, Ренат Исмаилов Универсиада дирекциясы мен «Технодом» компаниясы арасындағы ынтымақтастық Универсиаданың ең жоғарғы дәрежеде өтетініне және серіктестік қос тарапқа данәтижелі және тиімді болатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына бірнеше мың отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 миллиард адам теледидар арқылы тамашаламақ.
"Технодом" - республикамыздың 26 қаласында, сонымен қатар Қырғыстанда, жалпы сауда аумағы 76 000 шаршы метрге жуық 63 дүкеннен тұратын Қазақстанның электрлік тұрмыстық және компьютерлік техникасының жетекші ұлттық желісі. "Технодом" ең алдымен, тұтынушыға бағдарланған және барлық баға деңгейіндегі электроника мен тұрмыстық техниканың барынша мүмкін ассортиментін ұсынады. Компания қарқынды дамып келеді, алдыңғы қатарлы сауда технологияларынқолданады және өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне ерекше назар аударады. "ТЕХНОДОМ" компаниясының миссиясы - клинеттің қалауын алдын-ала біле отырып, бірінші санатты қызмет көрсету, біздің клинетіміз үшін әрқашан қажет болу!", делінген хабарламада.