Тек шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек - Тоқаев криптоиндустрияны дамыту туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тек шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек - Тоқаев криптоиндустрияны дамыту туралы Фото: elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселелеріне де тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселелеріне де тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, Үкімет қаржы реттеушілерімен және "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл туралы Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында айтты. 

Мемлекет басшысы жиынды қорытындылай келе, АХҚО-ның 2021 жылы атқарған жұмысының жылдық есебін бекітті. 

Айта кетейік, кеңес отырысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) 2021 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды және оны әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети