Алматы облысындағы Текелі қаласында антитеррорлық жаттығулар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматы облысындағы Текелі қаласында антитеррорлық жаттығулар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік өкілдеріне сілтеме жасап.
Қаладағы кейбір көшелер жабылып, көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.
"Оқу-жаттығудың мақсаты - адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Тұрғындарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде тыныштықты сақтауды сұраймыз", - деді Текелі қалалық әкімшілігінің өкілдері.