Текелідегі көшкіннің алдын ала себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Текелідегі көшкіннің алдын ала себебі айтылды Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Мамандар Алматы облысының Текелі қаласындағы лай көшкіні тау баурайынан келгенін айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандар Алматы облысының Текелі қаласындағы лай көшкіні тау баурайынан келгенін айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Алдын ала болжам бойынша, нөсер жаңбыр мен көше бойындағы су құбырының жарылуынан көшкін жүрген.

"Олардың бәрі қауіпті аймақта, техногендік сипатта деп айтуға болады, өйткені жоғарыда олар өз бақтарын ағын сумен суарады. Бұл судың бәрі жерге сіңіп кетеді және су құбыры желісінде жарылыс болды деп ойлаймыз, су үнемі топыраққа еніп, кейін жауын-шашын болды, осының бәрінен көшкін жүрді", - дейді "Казселезащита" ММ филиалының басшысы Мейрам Нұрымбетов. 

Мамандар төтенше жағдайдың салдарын жоюмен бір тәуліктен аса уақыт айналысып жатыр. Қайғылы оқиға орнына әскери қызметшілер, төтенше жағдайлар күштері, еріктілер мен қала кәсіпорындары жұмылдырылды. 

Еске салайық, 15 мамырда Текеліде қатты жауын-шашын салдарынан көшкін жүрген еді. Балшық массасының астында бес үй қалған, олардың біреуі толығымен қирады. Дәл осы үйде қаза болған бала тұрған. Сонымен қатар, көшкін орталық көшелердің бірін жауып тастаған.

Кейін көшкін жүрген сәттің видеосы жарияланған еді.

"Қорқамыз" - Текелі тұрғындары көшкін тағы бола ма деп қауіптеніп отыр 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети