"Тексеріс керек": Ақтаудағы балабақшада балалар еденде ұйықтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тексеріс керек": Ақтаудағы балабақшада балалар еденде ұйықтаған Фотоколлаж: Михаил Козачков

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарап жатыр. Мұнда кейбір балалар төсекте емес, еденде ұйықтаған. Сондай-ақ, бір төсекке бірнеше адамды жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарап жатыр. Мұнда кейбір балалар төсекте емес, еденде ұйықтаған. Сондай-ақ, бір төсекке бірнеше адамды жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, бұл мәжбүрлі түрде жасалған.

"Балабақша әкімшілігі түсіндіргендей, бұл шара мәжбүрлі түрде жасалған. Мәселен, биыл 5 қыркүйекте балаларды ұйықтатар алдында тәрбиеші жатын бөлмедегі 3 кереуеттің сынып қалғанын анықтады. Балалардың қауіпсіздігі үшін оларды басқа жерге қоюға мәжбүр болған. Сынған жиһаздар сол күні жаңасына ауыстырылды", - делінген хабарламада.

50 орынға арналған "Бесата" жекеменшік балабақшасы биыл көктемде пайдалануға берілді. Қалалық білім бөлімі бұған дейін қаладағы мектепке дейінгі мекеменің әкімшілігі мен қызметіне қатысты ескертулер, шағымдар түспегенін айтты. Сондай-ақ басқармада шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғандықтан, тексеру жүргізуге құқы жоқ екенін де түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети