Tele2-нің қатарлық инвесторға сатылуы: мәміле сомасы белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tele2-нің қатарлық инвесторға сатылуы: мәміле сомасы белгілі болды Фото:depositphotos.com

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Tele2 компаниясын қатарлық инвесторға сату жөніндегі мәміленің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Tele2 компаниясын қатарлық инвесторға сату жөніндегі мәміленің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2024 жылы бәсекелестік ортаға 589 миллиард теңгеге 14 нысан берілген. Соның ішінде 517 миллиарды "Қазақтелеком" АҚ-ның Tele2 мобильді операторын қатарлық инвесторға сатуы болып отыр.

"Осы сомадан 158 миллиард теңге республикалық бюджетке дивидендтер түрінде түсті. 76 миллиард теңге сатылатын актив құнын қайта бағалау нәтижесінде корпоративтік табыс салығы түрінде төленді", - деді Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Келісімге сәйкес осы мәміле бойынша қалған ақша 2028 жылға дейін түседі.

Еске салайық, биыл қаңтарда Қатар компаниясына Mobile Telecom Service-ті (Tele2 және Altel) сату жұмыстары аяқталғаны хабарланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы KASE мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети